Бекет Өтетілеуов (1883-1949)
XX ғасыр басындағы
демократтық-ағартушылық бағытта дамыған
қазақ әдебиетіне өз тарапынан бірқатар үлес
қосқан ақындардың бірі - Бекет Өтетілеуов 1883
жылы Қостанай облысының Обаған ауданына қарасты
М.Ю.Лермантов атындағы совхоз жерінде дүниеге келді.Саналы
ғұмырын әдебиет өнеріне, ұстаздық
қызметке арнаған ол 66 жасында, 1949 жылғы 9 маусым
күні туған ауылы Қараобада қайтыс болады. Бекет
Өтетілеуов алғаш рет ауыл мұгалімдерінен сауат ашады да, 1897
жылы ауылдағы үш жылдық орыс мектебіне түседі.
Бұл мектепті бітірген соң 1901жылы Бурабайдағы (Боровой) екі
кластық мектепке, онан Қостанайдағы екі кластық
қазақ-орыс мектебіне ауысады. 1905 осы қаладағы
оқытушылар даярлайтын мектепке түсіп, оны өте жақсы
бітіріп шықаннан кейін 1902 жылдан бастап Қостанай уезінде
қарасты мектептерде
мұғалім болып істейді.
Ол
Қазан төңкерісін, Кеңес үкіметінің орнауын
ықыласпен қарсы алғандардың бірі. Бұл
кезеңде де ауыл мәдениетін гүлдендіруге, өркендету
ісіне белсене қатысады. 1923 жылы Губерниялық оқу
бөлімнің ұсынысы бойынша Қостанайдағы Казкоммуна
мектебінде мұғалім болды. 1925-1927 жылдары ағарту
одағының округтық бөлімінде басшылық
қызметті атқарады. 1928-1929ж Қостанайдағы
округтық партия коммитетінде қызмет істейді. 1929 жылдың күзінде денсаулығы әлсіздеу
болған жазушы өзінің сүйікті қызметі
мұғалімдікке ауысады және оны өмірінің
соңына дейін жалғастырады.
Б.Өтетілеуов
барлық өмірін бала оқытуға, ұстаздық
қызметке сарп етті. Ол төңкеріске дейін де жас
ұрпақты тәрбиелеуге бар күш-қуатын жұмсады.
Ол ағарту жұмысының жігерлі қайраткері болуымен бірге,
әдебиет жұмысына да белсенді түрде араласады, әсіресе
орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып,
өзі де өлең жазады. Бұл ретте оны өзінің
даңқты жерлестері Ы.Алтинсарин мен С.Көбеевтің жолын
қуған мирасқоры деуге әбден болады.
Бекет Өтетілеуов
мүғалімдік қызметін атқара жүріп орыс
әдебиетін көп оқиды. Ұлы ұстаздары Ыбырай,
Спандияр тәрізді көрнекті педагогтар үлгісімен орыс
әдебиетінің бірқатар шығармаларын қазақ
тіліне аударып, оқушы жұртшылыққа ұсынып отырады.
Сөйтіп, Бекет арқылы А.С.Пушкин,
М.Ю.Лермонтов, И.А.Крылов, В.А.Жуковский шығармалары
қазақ арасына кең тарай бастайды, ұлы жазушыларды
туған халқына қазақша сөйлетті.
Атап
айтқанда, Б.Өтетілеуов А.С.Пушкиннің "Евгений
Онегин" романынан үзінді, М.ЮЛермонтовтың "Три
пальмы", В.А.Жуковскийдің "Певец в стране русских войнов",
А.Н.Плешевтің "Нищие" өлеңдерін ,
И.А.Крыловтың "Котенок и скворец", "Вороненок",
"Орел и Паук", "Сочинитель и разбойник", "Мирон",
"Лев", "Мешок", "Лисица и виноград", "Слон и
моска" т.б. мысалдарын аударады.
Еңбекқор ақын
төңкеріске
дейінгі дәуірде осы
сияқты аудармаларын және өзі жазған
өлеңдерін екі жинақ етіп бастырады. Олар "Дүние ісі
ақыретке кетпес",
(Қазан, 1912), "Жиған терген" (Орынбор, 1914) деп
аталады.
Бекет ақын орыс ақындарының шығармаларын
қазақ тіліне аударғанда, оларға өте
талғампаздықпен қарайды. Өйткені ақын
аудармаларының қайсысы болса да қазақ өмірімен,
қазақ тұрмысында бар көріністермен ұштасып
жатады. Соңдықтан мұндай
шығармаларды аударғанда Бекет алдына халықтық
түрғыдан айқын мақсат қойып, аударма
мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қараған
адам. Мысалы, "Қайыршылар" ("Нищие",А.Н.Плещев) деп аталатын
шығармада аш, жалаңаштықтан тұрмыс азабын тартып
жүрген жетім балаға бір байдың алаңғасар
қызметшісі зәбір көрсеткенде, оған аяушылық білдіріп, қол ұшын беріп жәрдемдесетін
адам - тұрмыс азабын көрген жоқ-жітіктің бірі.
Бірқатар
мысалдарында өзі еңбек етпей, біреудің еңбегімен
ғана күн көретін байлар мазақ етілсе ("Орел"
"Паук", Крылов), енді біреулерінде өзінің қолынан
келмейтін, шамасынан тыс іске ұмтылып көпке күлкі болатын,
доңғайларды ("Балапан қарға",
"Вороненок", ИА.Крылов) аяусыз ажуалайды. Бекет аудармалары туралы
айтқанда, басты назар аударатын нәрсе - аудармашы мысал
өлеңдерінің соңында өзінің
қорытындыларын қоса ұсынып отыратындығы. Бұндай
қорытындылар аударманың идеялық мазмұнын,
автордың негізгі мақсатын оқырман қауымның
бірден-бір дұрыс түсінуіне жөн сілтейді. Мысалы,
И.Крыловтың "Мұжықтар мен өзен"
("Крестьяне и река") деп аталатын мысалында өзен шектен тыс
қатты тасып, сай-саланың бәрін су алып кетеді де
мүжықтардың шаруасы бүлінеді. Тиірмендер бұзылып,
егіндер су астында қалады. Мұны көрген мұжықтар өзенге
барып арыз айтып, шағым жасамақ болады. Алайда қираған,
бүлінген нәрсенің
өзен үстінде жүргенін көріп, қатты
түңіліп, кейін қайтады. Осы мысалда әңгіме
болып отырған әділетсіз
замана мен озбыр әкімдердің аузына мынадай сөздер
салады:
Деседі: "Барып болмас мұны көріп,
Көп болса малың шығар
қалған өліп.
Кішіден теңдік алу қиын болар,..
Алған соң үлкені де олжа
бөліп.."
Қазақ
еліндегі өмір шындығын, халықты талап, тонап, зәбір
көрсетіп отырған үлкенді-кішілі патшалық
ұлықтар мен қазақ әкімдерінің
ар-ұяттан безіп, момын еңбек адамына істейтін озбырлықты
күнделікті көріп отырған Бекет қазақ
өміріне барынша жақындатып жарасымды аудара келе мынадай
қорытындымен аяқтайды:
Сайларды
ұқсатайын ауылнайға,
Қанайтын
қара халықты жүрмей жайға.
"Ұлыққа
шағайық"деп бара қалса-
Жоғарғы өзендей ғой волостной да.
Сөйтіп
бұл салада өлшеусіз
еңбек етті. Дәуір әдебиетін ішкі-тысты байытып рухани
түлететін жанр - аударма десек, Б.Өтетілеуовтің бұл
саладагы еңбегі елеулі.
Бекет
Өтетілеуовтің аудармаларынан басқа тікелей өзі
шығарған өлендерінің бізге жеткені аса көп емес.
Оның шығармалары 1961ж жинақ болып басылып шыққан
кітабында түгелдей жарияланды деуге болады. Ақынның өзі
жазған шығармаларынан да яғни
"Қазақтың надан байлары мен нашар көршілері және
ғалымдық пен надандық", "Данышпан қазы",
"Болғанмен сыртың бүтін, ішің жалын"т.б атты
еңбектерінде де оның педегогикалық-ағартушылық
идеясын, адамгершілікке негізделген ой парасатын анық
аңғаруға болады. "Ғалымдық пен
надандық" өлеңіңде надан байлардың
малға сеніп оқу-өнерден, мәдениет пен ғылымнан
хабарсыз қалған қараңғылығын барынша
сынайды. Сондай-ақ ақын оқу-білімнің, парасатты
ғылымның қымбат бағалы, терең қазына
екеңдігін айтады. Ғылым, білімді жасынан оқыған,
талапты, ерінбей ізденіп еңбектенген адам ғана меңгере алатын
сарқылмас мол қазына надаңдардың қолы жетпес
шың бәйтерек деп жоғары бағалайды.
Мысалы, ғылым деген бір гауһар тас,
Берсе де дүние малын алып болмас.
Жалғыз-ақ
өткір зейін саясында,
Табатын
еңбектеніп іздеген жас.
Ақын
ғылымның, өнер-білімнің аса қымбат екенін айтып, көпшілікті
еңбекке, өнерге, оқуға шақырады.
Сол үшін ғылым артық шамалаймын,
Малдан да өнерді артық бағалаймын.
Заманның осы күнгі қалпын аңдап,
Адамды малға сенген табалаймын.
Сондай-ақ
шығыс халықтары ертегілерінің сюжеті негізінде жазған
"Данышпан қазы" деп аталатын шығармасында әділетті,
адалдықты, үлкен адамгершілікті
мадақтайды. Данышпан қазы кіші ұлдың ағаларынан
алтыңды ұрлап тығып қойғанын анықтайды да,
әділ төрелік айтады. Сөйтіп, оқушыларды
адалдыққа шақырып, әділет пен шынайы адамгершілік
парасаттылығын насихаттайды.
Сонымен,
Бекет Өтетілеуовтің орыс әдебиетін
қазақшаға аударған аудармалары да, өзі
жазған шығармалары да оның
демократтық-ағартушылық идеясын айқындай түседі.
Демек, Б.Өтетілеуов, бір жағынан, өзінің
педагогикалық қызметі арқылы да, екінші жағынан, орыс
әдебиетінен халықтық қажетті тақырыптарға
шығарма жазу арқылы да Қазақстандағы
оқу-ағарту ісіне ат салысқан, XX ғасыр басындағы демократтық- ағартушылық
бағытта дамыған әдебиетімізде өзіндік орны бар
ақын.
Шынайы
ұстаз, білімдар әдебиетші, көкірегі ояу аудармашы
ақынды Ғ.Мүсірепов, І.Омаров сынды абзал шәкірттері
асқан сүйіспеншілікпен еске алып, қызықты естелік
жазған болатын.
Қорыта
айтқанда,(Жиған-терген" Орынбор, 1914ж "Жазушыдан" )
Оқып
көр, қолыңа алып, құрбыларым!
Болса да
жақсы, жаман түгел бәрін,
Бекеттің
шамасының келгені осы.
Кешіндер,
қате болса бірлі жарым!, - деп
ағынан жарылатын ақын
шама-шарқы келгенінше "Жиған тергенін" берді, ол
сонысымен-ақ әдебиет тарихынан өзіне лайықты орнын
алатын аяулы жан, асыл азамат. сүйікті ұстаз.